Памфлет, қаһарлы сөз (ағылш. рamphlеt – парақ) – белгілі бір құбылыстарды, беделді саяси және мәдени қайраткерлерді әшкерелеуге арналған өткір сатиралық шығарма; өткір сатираға құрылған әдеби туынды; қоғамдық-саяси өмірде қандай да бір тұлғаны немесе құбылысты өткір сатирамен масқаралайтын, нысаналы, айқын тілмен ерекшеленетін, жағымсыздық, жамандық такырыбын әшекерлейтін саяси публицистиканың жанры.
Публицистиканың жанры ретінде қара сөзбен ғана емес, өлең түрінде де жазылады. Памфлет белгілі бір құбылыс, оқиға, деректерді, мемлекеттік саяси жүйе мен беделді қоғам қайраткерлерінің ықпалын қысқа негізде сатира үлгісінде де әшкерелейді.
Тарихы
Памфлет термин ретінде 12 ғасырда қолданыла бастағанымен, оның классикалық түрі Қайта өрлеу дәуірінде (16 ғ.) қалыптасты. Ежелгі Грекия мен Римде шешендік сөз, ғылыми трактат (Демосфен, Цицерон, ) түрінде келіп, кейін мазмұн, пішін тарапынан барлық жанрды қамтыды. Памфлет қара сөзбен де, өлең түрінде де келеді, насихатқа негізделіп, барша қауымға түсінікті болады. Памфлет қоғамның саяси-әлеуметтік тынысын бейнелейді, нақты оқиға, дерекке байланысты туындайды. Кейде Памфлет жала жабу мағынасында келсе, пасквиль деп аталады.
Өкілдері
Публицистикалық Памфлет үлгілеріне “” (1644), “” (1704), “” (1763), “” (1906), “” (1908), т.б. шығармалар, ал сатиралық Памфлет қатарына Свифттың “” (1726), “” (1928), т.б. туындылары жатады. Памфлет жанры “” (1847), “” (1836) секілді еңбектерінен көрінсе, соғыс жылдарында , фашизмді айыптаған публицистикалық Памфлеттері жарық көрді. Қазақ әдебиетіндегі памфлетті А.Байтұрсынұлы “” (1926) толғау түрінің біріне (күліс) жатқызып, “мазақ қылу” деп атайды. Қазақ өлеңіндегі памфлеттің алғашқы нышандары жыраулық поэзия өкілдерінен байқалады. Мысалы, Жанкісі жыраудың “”, Махамбеттің Жәңгір ханға, , Тұрмағамбеттің айтқандарында Памфлетке тән пафос бар. Абай “”, “”, “” деген топтама Памфлет өлеңдерінде болыс-билердің типтік-психологиялық, сатиралық портретін жасады. Әсет пен Ырысжанның жұмбақ айтысы мен С.Торайғыров өлеңдерінен Памфлеттік сарын байқалады. С.Дөнентаевтың “” (1915), С.Сейфуллиннің “” (1917) мысал Памфлетке жатады. Соғыстан кейінгі жылдары “”, “”, “”, “”, “”, т.б. Памфлеттері жазылды. Қазіргі кезде республикалық баспасөз беттерінде халықаралық тақырыптарға жазылған памфлеттер жарияланып жүр.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
- З., Сөз өнері, А., 1997;
- Әдебиеттану. Терминдер сөздігі, А., 1998;
- Байтұрсынұлы А., Шығармалар жинағы 5 томдық, 1-т., А., 2003.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер