Пироп (грек. pyropos — оттай) — анартастар тобының минералы. Хим. формуласы: Mg3Al2[SіO4]3. Минералдың құрамына қоспа ретінде Mn, V, Tі, Cr3+, Fe2+, Fe3+, т.б. кіреді. Ең ірі Пироп (салм. 633 карат) Богемиядан табылған. Сингониясы — кубтық, кристалдары — ромбдодекаэдр пішінді, агрегаттары сеппе күйінде кездеседі. Түсі қою қызыл, жылтырлығы шыны типтес, жымдастығы жоқ; қаттылығы 7 — 7,5. Пироп ультранегізді тау жыныстарында (кимберлит, перидотит) және экологиттерде кездеседі. Мөлдір Пироп зергерлік істе қолданылады.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер