Тілеуғали Әшірбекұлы Қышқашбаев (1957 жылы туған Қарағанды облысы) - композитор, педагогика ғылымдарының докторы (2000), профессор Алматы музыка училищесін (1972), Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1981). 1981 -1983 жылдары Балқаш қаласында педагогика училищесінде, 1983 - 1988 ж. Алматыда музыкалық училищеде - оқытушы, 1988 - 1994 жылдары ҚазПУ-де кафедра меңгерушісі, 1994 - 1996 ж. Алматы музыкалық училищесінің директоры, 1996 -1998 жылдары Қазақстан Мәдениет министірлігінің өнер басқармасының, 1998 - 2000 жылдары Астана мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2000 жылдан ректоры. Ол қырықтан астам әндер ("Астана - бас қала", т.б.) мен симфониялық оркестрге, халық аспаптары оркестріне, ішекті аспаптар квартетіне арналған музыкалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ, ғылыми еңбектері жарық көрген. Медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер