Қайың (лат. Betula) — қайыңдар тұқымдасына жататын сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары төгіліп тұрады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара өседі, бірақ көп ретте олар орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы - ол бір ғажайып сурет!
Birch | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Қайың гүлдеуі
Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, яғни мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері қарапайым сырға тәріздес болып келеді. Ал қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы да туады.
Орман "пионері"
Қайыңның ұрықтары желмен тез ұшып кетеді. Ол орманның басқа ағаштары өсе алмайтын жерлерде де тез өсіп-өнеді. Сондықтан қайыңды орманның "пионері" деп атайды.
Қайың қолданылуы
Скандинавия елдерінде қайыңның дінінің төменгі жағы үйілденіп, шорланып-жуандап кететін қайыңдар бар. Оған тіпті балта да батпайды. Мұны деп атайды. Оның ағашынан әшекейлі әсем жиһаз, қобдиша және әр түрлі безендіру заттарын жасайды. Карелия қайыңы өте сирек ұшырасады. Сондықтан қазір оны қолдан жасанды жолмен өсіруге әрекет жасалуда.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер