Қарайым тілі - түркі тілдері жанұясының қыпшақ тобына жататын тіл.
Қарайым тілі Украинаның Қырым т.б. облыстары мен Литваның Тракай ауданы және Польшаға таралған. 1959 жылғы халық санағы бойынша КСРО-дағы 5900 қарайымның 16,5 %-ы ана тілін қарайым тілі деп есептеген.
Әдеби тілі жоқ, бұрын (1840 жылдан бастап) кітап, журнал басқанда көне еврей, латын, орыс алфавиттерін қолданған. Қарайым тілі үш диалектіге бөлінеді: Тракай-Литвадағы қарапайымдардың ч мен айтатын диалекті, («ач»-аш) ; галич-Батыс Украинадағы қарайымдардың ц мен айтатын диалекті, («ац»-аш); Қырым диалекті татарлардың тілінің әсерімен біраз өзгеріске ұшыраған. Ерекшеліктері: галич диалектінде басқа диалектілердегі «ө», «ү» дыбыстарының орнына «е»,»и» қолданады; «гел» («көл»), «тиш» («түс»); жіктеу есімдіктері барыс септікте «мана»,»майа» («маған»), «сана», «сайа» («саған») түрінде қолданылады. Синтаксисінде славян тілдерінің әсері күшті. Сөздік қорында бір жағынан көне сөздер сақталып қалса («өксиз» («жетім»), «өбге» («ата-баба»), т.б.), екінші жағынан орыс,поляк, литван, украин, белорус, грек, итальян тілдерінің әсері бар.
Дереккөздер
- Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1997 ж. 3-том. 478-бет
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер