Жюст Фонтен (фр. Just Fontaine; 18 тамыз, 1933 жыл, Марракеш, Марокко) — франциялық футболшы, шабуылшы. 50-жылдардың екінші жартысында Франция Ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған. Жекелеген әлем чемпионатында гол соғудан рекорд орнатқан футболшы. 1958 жылғы әлем біріншілігінде 13 гол енгізген.
Жюст Фонтен | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Лақап аттары | Жюсто | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қайтыс болған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 174 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | карьерасын аяқтаған | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өмірбаяны
Әкесі Нормандиялық француз, анасы испан. Карьерасын өзінің туған қаласы Марракештегі әуесқой клубтан бастады. Кейін елдегі танымал клубтардың бірі "УСМ Касабланкаға" ауысты. 1953 жылы ФРанцияға келді де, "Ницца" клубында өнер көрсетті. Фонтен келген маусымда команда Франция кубогын ұтып алды. 1956 жылы Франция чемпионатында топ жарды. Сол жылы "Реймске" командадан кеткен тағы бір француз танымал футбошысы Раймон Копаның орнына барды. 1958, 1960, 1962 жылдары Франция чемпионы атанды.
Франция құрамасының сапында алғаш рет 1953 жылы 17 желтоқсанда Люксембургке қарсы ойында алаңға шықты. Бұл матчта Фонтен хет-трик жасап, француздар 8:0 есебімен жеңіске жетті. Оның жұлдызы 1958 жылғы әлем чемпионатында жарқырап, 13 гол соқты. Құрама жартылай финалға дейін жетіп, Бразилиядан 2:5 есебімен ұтылып қалды. Үшінші орын үшін ойында Франция ГФР футбошыларын 6:3 есебімен ұтып, қола жүлдені иеленді. Бұл матчта Фонтен 4 гол соқты.
1960 жылы 11 қазанда құрама сапында соңғы рет алаңға шықты. Бұл ойында Франция 3:0 есебімен Болгарияны ұтты.
Футболшылық ғұмырын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. 1967 жылы Франция құрамасын жаттықтырды, бірақ екі матч қана өткізді. Кейін 80-жылдары Марокко құрамасына да бапкер болды.
Жетістіктері
Командалық
- Франция чемпионы (4): 1956, 1958, 1960, 1962
- Франция кубогы (2): 1954, 1958
- УЕФА Чемпиондар Кубогының финалисі: 1959
- Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1958
Жеке
- Франция чемпионатының үздік мергені (2): 1958, 1960
- УЕФА Чемпиондар Кубогының үздік мергені: 1959
- Әлем чемпионатының үздік мергені: 1958
- Бір чемпионатта гол согудың рекордшысы: 13 гол
- Франция құрамасының әлем чемпионаттарындағы мергені: 13 гол
- ФИФА 100 тізіміне енген
- Құрмет орденінің иегері
Дереккөздер
Сілтемелер
- ФФФ сайтындағы профилі 9 желтоқсанның 2006 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер