Қырғауыл (лат. Phasianus) - тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдасына жататын құс.
Қырғауыл | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кәдімгі қырғауыл (Phasianus colchicus) | ||||||||||||
|
Биололгиялық сипаты
Көбеюі
Қырғауыл - отырықшы құс. Ұясын ну қамыстың, қалың бұтаның арасына жерге салады. Сәуір-мамыр айларында 7-18 жұмыртқа салып, 21-27 күнде балапан басып шығарады. Балапандары жұмыртқадан жетіліп шығады, мамығы кепкен соң жемін өзі аулайды.
Қоректенуі
Қырғауыл өсімдіктің жеміс-жидегімен, жуашық, түйнегімен қоректенеді. Аяғы мықты, топырақты қазып, арасындағы жәндіктерді, олардың дернәсілдерін жейді.
Таралу аймағы
Қырғауыл Еуропа, Азия құрлықтарында, Қытай, Жапонияда тараған. Қазақстанда Жетісу аймағында, Сырдария аңғары, Қызылқұм құмды алабында, Талас Алатауында кездесетін бір түрі бар.
Кәсіптік маңызы
Сақа және жасы 1 жылдан асқан жас қырғауылдарға аңшылық жүргізіледі.
Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады.
Қырғауылды қорғау, санын көбейту және оның Оңтүстік Қазақстанның, сонымен қатар Қазақстанның басқа да аудандарының әр түрлі ландшафтық жағдайларына бейімделуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатында Қарғалы қорықшасы құрылған.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
- Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер