Даңмұрын Кенжебекұлы (1870 жыл, Жалағаш ауданы Аққошқар ауылы – 1923 жыл, Жалағаш ауданы Аламесек (қазіргі Есет батыр ауылы) ауылы) – ақын.
Жасында мұсылманша оқып, хат таныған. Егіншілікті кәсіп етіп, арық қаздырып, елдің отырықшылыққа бет бұруына ықпал жасаған. « деп аталатын арық қазір де бар. Даңмұрын толғау, терме, арнау өлеңдер мен дастандар шығарған. Олардың негізгі тақырыбы – адамгершілік, әділдік, ел тағдыры. Даңмұрын ақындар айтыстарына да қатысқан. Оның айтысы «Айтыс» кітабының екінші томына (1965) енген.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|