Кантата (итальянша cantata, латынша canto – ән айту, ән салу) – жеке әншілер мен хор, оркестр үшін лирика-эпикалық, салтанатты мазмұнда жазылған тұтас мазмұнды ірі вокалдық-симфониялық шығарма.
Кантата тек хорға ғана немесе оркестрге қосылып орындайтын жеке әншілерге де арналып жазылады. Әдетте ол оркестрлік эпизодтар, ариялар, речитативтер арқылы баяндалады. Шығарманың құрылысы және орындаушылар құрамы жағынан Кантата оратория жанрымен ұласады. Кантатаның ораторияға қарағанда лирикалық жағы басым келеді. Кантата 17 ғасырда Италияда лирикалық ән салу түрінде пайда болды. Ол кейін шағын камералық операға (композиторлар , А.Страделла, , т.б.) ұласты. Камералық Кантатамен қатар хор Кантатасы және діни (шіркеулік) Кантаталар өріс алды. Діни және сарай Кантатасының үздік үлгісін композитор И.С. Йоганн Себастиан Бах шығарды. Ресейде алғашқы Кантата 18 ғасырда жарық көрді. Оның классикалық түрін 19 – 20 ғасырларда (“Мәскеу”), Н.А. Римский-Корсаков (“Гомерден” атты премодия-кантатасы), (“Иоанн Дамаскин”), (“Көктем”) жазды. Батыс пен орыс музыкасында той-думанға арналған Кантаталар (Ф.Мендельсон-Бартольдидің “Мерекелік әні”) кеңінен дамыды. Кантата жанры Қазақстан композиторлары шығармадан да кең орын алды. Оның идеялық мазмұны тереңдеп, музыкалық бейнелерінің нақыш-бояулары байи түсті.
1947 жылы “Советтік Қазақстан” атты тұңғыш Кантатасы жарық көрді. Бұдан кейін бұл жанрда Қ.Мусин (“Тың жер туралы кантата”), Е.Рахмадиев (“Айастан”), С.Мұхамеджанов (“Отаным менің”, “Жыл мезгілі”, “Салтанатты кантата”), (“Жер”, “Отан салтанаты”, “Достық”), (“Мұхтар Әуезов туралы аңыз”), (“Дала комиссары”), М.Сағатов(“Ақын әні кантатасы”, “Мереке кантатасы”, “Достық отаны”), (“Ұлы достық”), т.б. елеулі еңбек етті.
Дереккөздер:
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер