Сильвин (Sylvіus, голландия химигі әрі дәрігері Ф.Боэнің (1614 — 72) латынша аты) — галогенидтер класына жататын минерал.
- Химиялық формуласы: KCl (K — 52,5%, Cl — 47,5%).
- Изоморфты қоспалары KBr, сирек жағдайларда RbCl, CsCl, ал механикалық қоспалары NaCl (галит) мен Fe2O3.
- Құрамындағы газ көпіршіктері (N2, CO2, CH4, He, тағы басқа) сильвиннің мөлдір, түссіз кристалдарына сүттей ақ түс береді.
- Кубтық сингонияда кристалданып, октаэдр, куб тәрізді кристалдар түзеді.
- Сингониясы — текшелік
- Агрегаттары тығыз, тұтасқан түйірлі масса түрінде болады.
- Түсі мөлдір, ақ, ашық қызыл, алқызыл, шыныдай жылтыр, жақсы жымдасқан; қаттылығы 2, тығыздығы 1,9 г/см3.
- Суда жақсы ериді, дәмі кермек-ащы.
- Сәуле спектрінің қысқа толқынды және инфрақызыл бөліктерін жақсы өткізеді.
- Сильвин теңіз шығанақтары мен көлдердің тұзға қаныққан суларынан тұнады.
- Қазақстанда Орал, Атырау, Ақтөбе облыстарының тұз күмбездері мен тұзды көлдерінде көп мөлшерде кездеседі. Сильвиннен калий қосылыстары дайындалады.
- Тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашығында, химия өнеркәсібінде, медицинада, тағы басқа қолданылады. Сильвиннің мөлдір кристалдары оптикалық аспаптар жасауға пайдаланылады.
Сильвин | |
---|---|
Сильвин | |
Негізі | |
Санаты | Минерал |
03.AA.20 | |
Ерекшеліктері | |
74.55 гм | |
Түсі | ақ, сұр |
кубтық | |
бойынша минерал қаттылығы | 2.5 |
1.993 г/cм3 | |
Оптикалық сипаты | Изотропты |
Ultraviolet | жоқ |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODRMemd3TDAxcGJtVnlZV3hmVTJsc2RtbHVZVjlIUkVaTU1USXpMbXB3Wnk4eE9EQndlQzFOYVc1bGNtRnNYMU5wYkhacGJtRmZSMFJHVERFeU15NXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWhMMkV5TDFONWJIWnBibDhsTWpoaGEyRWxNamt1YW5Cbkx6RTRNSEI0TFZONWJIWnBibDhsTWpoaGEyRWxNamt1YW5Cbi5qcGc=.jpg)
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |