Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов | |
---|---|
| |
Дүниеге келгені: | 21.09.1957 Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Галкино ауылы |
Мансабы: |
Қысқаша өмірбаяны
1957 ж. Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Галкино ауылында туған. Уақ тайпасынан шыққан.
- Павлодар педагогикалық институты мен Алматы Халық шаруашылығы институттарын математик және экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Павлодар станциясының локомотив депосында слесар болудан бастаған.
- 1982—88 жж. Павлодар облысының қаржы және салық органдарында жұмыс істеп, бас экономистен Павлодар облысының салық комитетінің төрағасына дейін көтерілді.
- 1998—2002 жж. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Мемлекеттік Кіріс вице-министрі қызметтерін атқарды.
Соңғы уақытта Павлодар қаласының әкімі болды.
- 2003 ж. маусымынан Павлодар облысының әкімі.
- 2008 ж. қазанның 13 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
- 24.08.2009 - шілде 2011 - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы.
Марапаттары
- "Құрмет" ордені (2005);
- "Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл" мерекелік медалі;
- "Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл" мерекелік медалі;
- "Астанаға 10 жыл" медалі (2008).
Хоббиі
- Хоббиі - оқу, спорт.
Үй жағдайы
- Үйленген. Жұбайы - Нұрпейісова Любовь Ивановна (1960 жылы туған). Қыздары - Нұрпейісова Айгүл Қайратқызы (1987 жылы туған), Нұрпейісова Әсем Қайратқызы (1990 жылы туған).
Дереккөздер
- Дәйкенов Темірболат = Уақ шежіресі / Омаров Асан, Смайылов Ермұханбет — 2. — Астана: Фолиант, 2021. — 992 б. — 1000 таралым. — .
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2