Абадан (Абдан) - жаугершілікте қол бастайтын мықты тұлға. Шамасы, абадан, абдан, абдана деп аталатын қасқырдың үйірін бастайтын көкжалға теңеу ретінде қалыптасқан болуы керек. Ақын, жыраулар шығармаларында жауға атойлап шабатын ержүрек қолбасшыны Абаданға теңеген. Мысалы, (Қазтуған жырау) толғауларында төмендегідей теңеу-жолдар кездеседі:
- Ау, бөрілер, бөрілер,
- Бөрімін деп жүрерлер,
- Һәр бірінің баласы,
- Алтау болар, бес болар,
- Ішінде абаданы бір болар,
- Абаданынан айрылса,
- Олардың нәр біреуі,
- Һәр бір итке жем болар.
Сонымен бірге, Абадан атауы билер (шекті Мөңке би, шеркеш , тана ) айтты деген сөз үлгілерінде де кездеседі:
- Бөрі, бөрі, бөр болар,
- Бөрі баласы дүр болар.
- Әр бөрінің баласы,
- Алты болар, бес болар.
- Абданымен жургенде,
- Осалы оның кем болар.
- Абданынан айрылса,
- Әр қайсысы оның да,
- Әрбір итке жем болар.
Сонымен, Абаданның мағынасы «күшті, мықты» деген ұғымға саяды. Халық арасында дарабоз ерді қарулы көкжалға теңеу дәстүрі көне түркілік тек-тотем байланысты түсініктен бастау алатын болуы керек. Мәні - ел қорғаны батырлар тек-тотем - көк бөріден қуат алады дегенді білдіреді.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. -
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер