Айдабол — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы көл. Теңіз деңгейінен 427 м биіктікте жатыр.
Айдабол | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 427 м |
Өлшемі | 5,7 × 3,9 км |
Ауданы | 15,3-35 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 15,2 км |
Тереңдігі | 3 м |
Су алабы | |
Құятын өзендер | Аршалы, Жабай |
Орналасуы | |
52°44′59″ с. е. 69°08′56″ ш. б. / 52.74972° с. е. 69.14889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°44′59″ с. е. 69°08′56″ ш. б. / 52.74972° с. е. 69.14889° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Ақмола облысы |
Аудан | Зеренді ауданы |
Гидрографикасы
Климат жағдайларына байланысты аумағы 15,3 км2-ден 35,0 км2-ге дейін өзгеріп отырады. Орташа ұзындығы 5,7 км, енді жері 3,9 км, жағалау бойының ұзындығы 15,2 км, ең терең жері 3,0 м-ге жетеді.
Жер бедері
Жағалауында ені 100-150 м-ге дейін қоға аралас қамыс өседі. Суы тұщы, мал суаруға, т.б. шаруашылық қажетіне пайдаланылады. Айдабол көлін солтүстігінде Зеренді, оңтүстігінде Сандықтау және Жақсытүкті орманды таулар қоршап жатыр. Көлге шығысынан Аршалы өзені, батысынан Жабай өзенінің бір тармағы келіп құяды. Батыс жағынан Көкшетау-Атбасар автомобиль жолы өтеді. Жол бойында орта жүздің биі Айдабол бидің құрметіне аталған кент орналасқан. Көлге жақын жерде қола және темір дәуірлерінің (б.з.б. 5 - 4 ғасыолар) археологиялық ескерткіштері сақталған.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер