Айдарлы аражегіш (лат. Pernis ptilorhynchus) — Қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Айдарлы аражегіш | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() at Mangaon, , | ||||||||||||||
![]() () | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Pernis ptilorhyncus , 1821 |
Сипаттамасы
Айдарлы аражегіш өте ұқсас құс. Одан тек қана құйрығының түсімен ерекшеленеді құйрығының ұшына таман қалың, қошқыл жолағы болады, ал кәдімгі аражегіштің біркелкі шиммайлы болып келеді. Бұдан басқа ересек айдарлы аражегіштердің ақшыл, алқымның төменірек тұсы тағаға ұқсас қошқыл түспен көмкеріледі. Дегенмен бұл екі түрдің айырмашылығын анықтау тіпті мамандар үшіін де проблема болып келеді.
Салмағы 0,7-1,5 кг, дене тұрқы 59-66 см, еркек дарасының қанаты 40,4-44,5 см, ұрғашы дарасында 43,7-49,7 см, қанат жайғанда — 150-170 см-ге жетеді.
Таралуы
Айдарлы аражегіш Шығыс Сібір және Оңтүстік Азия да өмір сүреді, сондай-ақ жылыстау кезінде Қазақстанның оңтүстік бөлігінде кездеседі
Дереккөздер
- BirdLife International (2004). Pernis ptilorhynchus. 2006. . 2006. www.iucnredlist.org. Retrieved on 28 Jan 2008. Database entry includes justification for why the species is of least concern
- "Қазақстаннның құстары' энциклопедиясы.