Айнабек Нысанұлы (1900, Бәйдібек ауданы Көктерек ауылы – 1972) – ақын.
Сіргелі тайпасының Батыр- руынан шыққан.
Үш жасында қызылшамен ауырып, содан екі жанары суалып, зағип болып қалған. Әкесі Нысан ауызы дуалы би болған. Ол 13 жасында-ақ елге ақын ретінде таныла бастайды. Халық ақыны Нұралы Нысанбайұлы Айнабекті қасына алып, тәрбиелейді. Н. келе-келе төкпе ақынға айналады, ақын ретінде соғыс тұсында елге танылады. Ғалым Айнабек Нысанұлы Төреқұлұлының айтуынша, Айнабек Нысанұлы белгілі ақындар Манат қыз, Жылқыбай, Зұлпыхар, Италмас, тағы басқалардан өнеге алған. «Ойсалдың отыз ұлы», «Ілияс туралы жыр», «Өзім туралы», «Айнабек пен Орақтың айтысы», «М.Әуезовке арнау» секілді жырлары бар. Өлкелік, облыстық айтыстарда , Мыңбай Сұлтанбеков, Көпбай Әлімбетов, т.б. ақындармен айтысқа түскен. Оның айтыстары «Айтыс» (3-т.), «Оңтүстік ақындар айтысы» жинақтарында жарияланған. Бейіті Бәйдібек ауданындағы Көктерек ауылында.
Дереккөздер
- Үлгі қатесі: қара {{}}
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер