Айналғыш мақтанторғай (лат. Scotocerca inquieta) - Торғайтәрізділер сабының Сандуғаштар тұқымдасының тегінің құсы. Бұрын лат. Cisticolidae тұқымдасына жатқызған.
Айналғыш мақтанторғай | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Scotocerca inquieta (, 1827) |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODBMelEyTDFOamIzUnZZMlZ5WTJGZmFXNXhkV2xsZEdGZmMyRm9ZWEpoWlY5TlNFNVVYekl5TlY5RmJGOVBkWFJoZVdGZlFXeG5aWEpwWlM1cWNHY3ZNakl3Y0hndFUyTnZkRzlqWlhKallWOXBibkYxYVdWMFlWOXpZV2hoY21GbFgwMUlUbFJmTWpJMVgwVnNYMDkxZEdGNVlWOUJiR2RsY21sbExtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Таралуы
Айналғыш мақтанторғайдың табиғи ареалы - Ауғанстан, Алжир, Мысыр, Иран, Израиль, Иордания, Ливан, Ливия, Мавритания, Морокко, Оман, Пакистан, Ресей, Сауд Аравиясы, Сирия, Тәжікстан, Тунис, Түрікменстан, Біріккен Араб Эмираттары, Өзбекстан және Йемен.
Қазақстанда Қызылқұм шөлі үстіртпен Маңқыстау шекарасындағы құмды аймақтардан ұялары табылған.
Сипаттамасы
Бұл - ашық сұр түсті кішкентай құс (салмағы небәрі 9-10 г). Басында ұзыншақ қара теңбілдері бар және едәуір ұзын құйрығын үңгірек сияқты жоғары тік көтеріп, үнемі қозғалтып отырады. Уақытының көбін бұта арасында өткізеді, келесі бұтаға төмен ұшып барады. Дауысы - нәзік созылыңқы ысқырықтан шиқылға ұласады. Бұлар ешқашан жеке жүрмейді, тек топ болып тіршілік етеді. Негізінде жәндіктермен, жылдың суық кезінде өсімдік дәндерімен қоректенеді. Ұясы бұталарда,ішіне қалың қауырсын төселген науада 6-9 жұмыртқасын аналығы басып шығарады. Балапандарын 14 күн ұяда, осынша күн ұшқаннан кейін, екеуі асырайды. Жазда екі рет балапан ұшырады. Тіршілігі толық зерттелмеген.
Дереккөздер
- Scotocerca inquieta. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- Alstrom, P; J. Fjeldsa; S. Fregin; U Olsson (2011). "Gross morphology betrays phylogeny: the Scrub Warbler Scotocerca inquieta is not a cisticolid". Ibis 153: 87–97. :10.1111/j.1474-919x.2010.01093.x.