Айтбай мешіті – сәулет өнер ескерткіші. Қызылорда қаласында орналасқан.
1878 ж. Айтбай қажының қаржысына Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Камал салған. Ауданы 22х16, биіктігі 14 м. Алдыңғы жағы үлкен портал болып келеді, күйдірілген қышпен өрнектелген, ортасындағы ойық-есік, екі жағынан төрт жалған терезе іспеттес оймышпен әшекейленген. Төбесі қаңылтырмен жабылып, іші сыланып, әктелген. 1980 ж. «Қазақ жобалау – қалпына келтіру» институты мешіттің толық қалпына келтіру-жөндеу жобасын жасады.
Галерея
- Күзету туралы тақтасы ҚазКСР кезінен
- Ғимараттың қасбеті - тарихи қалау
- Мешітке кіру
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер