Пеналти (айып доп), егер қорғанушы команданың ойыншысы айып алаңында бұзса, дөрекілік жасаса онда төреші қорғанушы команданың қақпасына айып добын соғуға рұқсат береді. Егер гол соғылмай қалса айып добын соққан ойыншы оған басқа ойыншы тигенше қайтадан тиісе алмайды. Гол соғылса ойын ортадан басталып кездесу әрі қарай жалғасады. Доп соғылған сәтте ол қақпаға енбей, бірақ қорғанушы команданың ойыншылары тәртіпті бұзса айып добы қайталанады.
Пенальтидің шығу тарихы
"Милфорд" футбол клубында қақпашы болып ойнаған 1890 жылы өз қақпасы маңында ойын бұзған команданы жазалау әдісін ойлап тапты. Айып ретінде ирландтық футболшы пенальтиді - қақпа сызығынан 11 метрден айып добын соғуды ұсынды, оны орындау кезінде қақпашы ғана қорғайды. Пенальти футбол ережелеріне 1891 жылы енгізілді. Футболдағы ойын бойынша нұсқаудың қазіргі нұсқасында 11 метрлік айып добын соғу 14-ші ережемен реттеледі.
Пенальти ойыннан шығарумен қатар қатаң жаза ретінде футболда қазіргі кезде де қолданылады. Уильям Маккрам 1932 жылы 21 желтоқсанда дүниеден өтті.
Дереккөздер
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь".
Сыртқы сілтемелер
- ФИФА пенальтиді ойлап тапқан футболшының бейітін қалпына келтіреді(қолжетпейтін сілтеме)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер