![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Айыр, иіртамыр (Acorus calamus) — шаянот тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанда Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзен, көл, тоған жағасында, батпақты жерлерде өседі. Биіктігі 120 см, тамыр сабағының жуандығы 3 см-ден аспайды. Сабағы тік, бұтақсыз келеді. Гүл сидамы 3 қырлы, тік, жапырақтары жіңішке, семсер тәрізді, ұзындығы 1 м-дей болады. Гүлі қос жынысты, жасыл-сарғыш түсті, жұмыр собықтың ішінде орналасады. Жемісі — көп тұқымды жидек. Тамыр сабағы арқылы өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тамыры ылғалды топырақта, суда өседі. Қазақстанда айырдың тұқымы пісіп үлгермейді, сондықтан көбіне оны қолдан өсіреді. Айырдың тамыр сабағында эфир майы, глюкозид, алкалоид, илік заттар, аскорбин қышқылы бар. Халық медицинасында айырдың тамырсабағын ас қорыту ағзалары және асқазан ауруларын емдеу үшін қолданады.
Сілтемелер
- Қазақ энциклопедиясы, 1-том
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер