Аластау — дәстүрлі тәңіршілдік дүние-танымнан, отқа табынудан қалған ырым. Мақсаты - көз, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқау, індет-кесел сияқты жамандықтарды, үйді бәле-бетерден аластау арқылы тазалау. Ол екі түрлі мәнде — ел аумағын, мал өрісін, мекен-жайды кесір-кесапаттан сақтау үшін және адам мен малды ауру-сырқаудан айықтыру үшін қолданылған:
- ежелгі қазақтар отты тазалық иесі, зұлымдыққа қарсы тұратын құдіретті күш, киелі нәрсе санаған. Б.з. 4 ғ-ында Византия елшісі Земархты, кейіннен Еуропа елшілерін дала жұртының от арасына өткізіп, “тазартып” қарсы алғандығы көне Қазақстан туралы жазылған саяхатшылар еңбектерінен белгілі. Сондай-ақ, қазақтар қыстаудан-жайлауға, жайлаудан-қыстауға қоныс аударарда көш керуенін лаулап жанған екі оттың арасынан айдап, “алас-алас, әр пәледен халас” (араб. — арылу, бостандық алу; төлеу, өтеу) деп дуалаған. Жаңа үйге қоныстанарда бөлменің бұрыш-бұрышына от жағып, немесе адыраспан, арша тәрізді емдік қасиет мол өсімдіктердің түтінімен бәле-бәтірді Аластау салты қазіргі кезге шейін сақталған;
- жамандық наным-сенімді ұстанған ежелгі қазақтар адам мен малға тиетін індет атаулының иесі, яғни, құдайы — “бәдік” деп түсінген. Бақсылар от айнала қобыз тартып, сарнау айтып, мал-жанның кеселін Аластауға, жансыз нәрселерге көшіруге тырысқан. Жауыздық пен кесапат кесік (Аңғырат —Майныу) жоқшылық пен ізгілік иесімен, (Ақұра-Мазда) көмегімен жеңіп шығуға болады деп ұғынған. Бәдік айтып, ауруды Аластау нышандары ауыз әдебиетінің нұсқаларында мол ұшыратады. Мыс., “Айт дегеннен айтамын-ау бәдікті, Қара мақпал тоным тозды әдіпті, от оттамай, су ішпей жата берсе, Бәдік емей немене бұл кәдікті. Көш! көш, көш!…” Сонымен қатар аурудан өлген малдың басын сырлап, адам мен жан-жануардың аяғы баспайтын жерге көміп тастау немесе сырқат адамды күн батарда далаға алып шығып, су бүркіп, от айналдырып Аластау ырымы да бар.
Дереккөздер
- Қазақтар. 5-том. "Білік" баспа үйі, Алматы, 2003
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. -
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер