Алашахан — орта ғасыр қаласының орны. Қарағанды облысы 18 км жерде, солтүстік жағасында орналасқан. Ә.Х. Марғұлан ашып, тұңғыш сипаттамасын жасады, кейінірек С.Ж. Жолдасбаев, Ж.Е. Смайылов кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Екі бөліктен тұратын қ-ның негізгі бөлігі төртбұрышты (90х92 м), айналасы ені 5-7 м, тереңдігі 1,5 м ормен және кезінде ені 4,5 м болған балшықтан соғылған қабырғамен қоршалған. Құлаған бұл қабырғаның сақталған биіктігі 3,5-4 м, ені іргесінде кейде 16 м-ге дейін жетеді, бұрыштарында мұнара орындары бар. Қақпа оңтүстігінен шығарылған. Негізгі бөліктің шығыс жағында жапсарлас жатқан төртбұрышты (65х70 м), үш жақтан айналдыра қазылған оры мен биіктігі 3 м-ден асқан жалы бар екінші кіші бөлік бар. Қаланың екі бөлігінде де құрылыс салынбаған, біркелкі тегіс келген алаңдардың мәдени қабаты жоқ. Қала тұрақты мекен-жай, қоныс қызметін атқармаған, тек ерекше жағдайларда пайдаланылатын арнаулы қамал ретінде болған. Алашахан ескерткіштерінің түрлі құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, ғалымдар оны 15-17 ғ-ға жатқызады.
Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер