Алгебраның негізгі теоремасы: коэффиценттері комплекс сандар болатын кез келген көпмүшенің комплекс сандар өрісінде түбірі болады.
Тарихы
Бұл теореманы алғаш рет 1608 жылы неміс математигі Петер Роте (1580 - 1671), 1629 жылы голланд математигі Альбер Жирар (1595 - 1632), 1637 жылы француз математигі Рене Декарт (1596 - 1650) қазіргі кездегі тұжырымнан өзгеше түрде мазмұндаған.1743 жылы швейцар математигі Леонард Эйлер (1707 - 1783) нақтылап қазіргі тұжырымға мәндес түрде былайша тұжырымдаған: коэффиценттері нақты сандар болатын сызықтық және квадраттық (2-дәрежелі) көбейткіштерге жіктеуге болады.1748 жылы француз математигі Жан Д'Аламбер (1717 - 1783) алгебраның негізгі теоремасының алғашқы дәлелдемесін жариялаған.1751 жылы Л.Эйлер дәлелдемесі шыққан.1799 жылы неміс математигі Карл Гаусс (1777 - 1855) бұл теореманың алғышарсыз дәлелдеген.
Дереккөздер
Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер