Александр Федорович Вербняк 1953 жылы 27 Краснодар өлкесі Белореченск ауданы Чернигов стансасында туған. Орыс. Әкесі - Вербняк Федор Игнатьевич (1927-2002), газэлектрдәнекерлеуші болған. Анасы - Вербняк Валентина Пантелеевна, зейнеткер, бастауыш сыныптар мұғалімі болған.
Александр Федорович Вербняк | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 1953 сәуір Краснодар өлкесі Белореченск ауданы |
Мансабы: | Екібастұз қаласының әкімі |
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының машина құрылысы, металл кесуші аспаптар мен саймандардың технологиясы факультетін (1981) инженермеханик мамандығы бойынша; Павлодар университетінің магистратурасын (2004) менеджмент магистрі болып бітірген.
Экономика ғылымдарының кандидаты (2007). «Павлодар университетінің хабаршысы» журналында жарияланған «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық дамуы», «Павлодар облысы өнеркәсібінің жағдайы және оны индустриялық-инновациялық дамыту жолдары» жарияланымдарының авторы.
Орыс және неміс (сөздікпен) тілдөрін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2001 жылдан). 1972 жылдың сәуірінен - Земетчинск бас май зауыты инженер-механигі (Пенза облысы). 1972 жылдың мамырынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдың маусымынан тамызына дейін - Орынбор сүт өнеркәсібі өндірістік бірлестігінің инженері. 1974 жылдың тамызынан - Орынбор май зауытының шебері. 1974 жылдың қазанынан - «Радиатор» зауытының шебер (Орынбор қ.). 1975 жылдан - «Орынборэнергоқұрылыс» тресі 3 ҚБ слесарі. 1976 жылдан - әскери-құрлыс отрядында қызметте. 1984 жылдан - Қазақстан Компартиясы Екібастұз қалалық комитетінің нұсқаушысы. 1986 жылдан - Екібастұз сүт зауытының директоры. 1990 жылдан - Павлодар сүт комбинатының директоры. 1992 жылдан - «Сүт» АҚ төрағасы (Павлодар қ.). 1995 жылдан - Павлодар қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1998 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2001 жылдан -Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2010 жылдың қарашасынан бері - Екібастұз қаласының әкімі.
«Құрмет» (2004) орденімен; «Ұлы Октябрь Социалистік революциясына 60 жыл» (1977), «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» (1978), «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасы- ныңтәуелсіздігіне Южыл» (2001), «Қазақстан Конституция- сына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
Әскери атағы - полковник. Діни көзқарасы - православиелік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тәуелсіздік, тұрақтылық, ұлтаралық келісім және өркендеу». Хоббиі - спорт, балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті -ғылыми әдебиет, детективтікжәне тарихи жанрлар.
Үйленген. Жұбайы - Вербняк Людмила Ивановна, «Веер» ЖШС директорының орынбасары (Павлодар қ.). Ұлдары - Вербняк Александр (1975 ж. т.); Вербняк Артем (1988 ж. т.); қызы - Вербняк Наталья (1985 ж. т.).
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер