«Алмалы» — Алматы метросының 3-ші бекеті. Бірінші бағытта «Жібек жолы» және «Абай» бекеттерінің арасында орналасқан.
Алмалы | |
Бірінші бағыт (Алматы) | |
![]() | |
Орналасуы | |
---|---|
Ашылған күні | |
Түрі | пилонды, үшкүмбезді, терең |
Тереңдігі | 30 м |
Платформалар саны | 1 |
Платформалар түрі | аралдық, тік |
Платформалар ұзындығы | 104 м |
Платформалар ені | 19,8 м |
Сәулетшілер | Т. С. Әбілда, |
Әрлеушілер | А. Ж. Жамхан |
Кіру-шығу | |
Жұмыс уақыты | 06:20—00:00 |
Қарасай батыр және Панфилов көшелерінің қиылысқан жерінде тұр. Кіре-берістер мен шыға-берістер Панфилов көшесінің шығысына қарай, Қарасай батыр көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан.
Тарихы
Бекет 2011 жылдың 1 желтоқсанында Алматы метросының «Райымбек батыр» — «Алатау» бірінші іске қосу учаскесінің құрамында ашылды.
Құрылысы
Сербтік компания «Энергопроект Нискоградня» метро бекетінде субподрядта жұмыс атқарады.
- 2008 жылдың басы. Бекет 85 пайызға дайын. Тонель бұрышы 50-60%
- Сәуір, 2008 жыл. Бекет 95 пайызға дайын
- Мамыр, 2008 жыл. Венткиоск салу жұмыстары басталды
Техникалық сипаттамасы
Терең орналасқан бекет (тереңдігі 30 м) пилонды тип жол аралығы 25 м. Үш залдан тұрады — орталық және екі бүйірлік, олар ені 19,8 м, ұзындығы 104 м жалпы островтық платформаны құрайды. Көтеру биіктігі 29,0 м, ұзындығы 58,0 м эскалаторлар бойынша (4 таспа) бекетке түсіру-көтеру.
Архитектурасы мен безендірілуі
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHdMekF3TDBGc2JXRnNlUzVxY0djdk1qSXdjSGd0UVd4dFlXeDVMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
Бекет қабырғалары суреті ұлттық ою-өрнекті бейнелейтін мәрмәр мозаикамен қапталған. Жарықтандыру көзі тоттанбаған болаттан жасалған карниздер үстінде орналасқан сәндік люстралар мен шамдар болып табылады. Өтетін жерлердің аркалары және плинтус — қоңыр түсті мәрмәр. Едендерге граниттік тақталар төселген. Платформаның шетжағында жасанды қара көлеңкесі бар суреттік-тақырыптық витраждық панно орналасқан. Панноға ежелгі қаланың және гүлденген бақтың идеясы салынған. Композиция үш бөліктен тұрады: оң бөлігі — Алмалы ежелгі қаланың кескіндерімен бақтың гүлденуі. Сол бөлігі — керуен сұлбасы бар жемістердің пісуі. Орталық бөлігі — алма ағашы жемісі, жемістілік, тіршілік және аманшылық шежіресі символы ретінде.
Жақын орналасқан нысандар
- Абай атындағы опера және балет театры
- Алматы қонақ үйі
- «Қазақстан темір жолы» кеңсесі
- Астана алаңы
- Т. К. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы
- Бас пошта кеңсесі
- «Столичный» дүкені
- Қазақстан-Британ техникалық университеті
Сілтемелер
- «Алмалы» бекеті. metroalmaty.kz. Басты дереккөзінен 17 тамыз 2022.