Алтынбек Жолдасұлы Кенжеков (13 маусым 1941, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 27 желтоқсан 2001, Алматы) – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артісі (1991), Қазақстанның халық артісі (1996).
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdk1pOHlPQzlCTGw4bFJEQWxPVUVsUkRBbFFqVWxSREFsUWtRbFJEQWxRallsUkRBbFFqVWxSREFsUWtFbFJEQWxRa1VsUkRBbFFqSXVjRzVuLnBuZw==.png)
Өмірбаяны
- Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1964).
- 1959 жылдан Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының артисі болды.
Рольдері
Кенжеков осы театр сахнасында жүзден аса рөл ойнады. Жәрдем, Ғани Мұратбаев (Ш.Хұсайыновтың «’’Жартасы’’» мен «’’Алғашқы ұшқындарында’’»),
- Диуана (М.Кәрімнің «’’Ай тұтылған түнінде’’»).
- Нұрбек, Нарбек (Б.Мұқайдың «’’Қош бол, менің ертегім’’», «’’Заманақырында’’»)
- Гамлет (У.Шекспирдің осы аттас трагедиясында)
- Шоқан (С.Мұқановтың «’’Қашқар қызында’’»)
- Сәкен Сейфуллин (Қ.Сатыбалдиннің «’’Ұзақ жолында’’»)
- Жуан-Жуан (Ш.Айтматовтың «’’Жан азабында’’»)
- Мұрат, Жамбыл (С.Жүнісовтің «’’Қызым, саған айтамын’’» мен «’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдарында’’»)
- Ақылбек (Б.Жәкиевтің «’’Әке тағдырында’’»), т.б. рөлдері актердің шығармашылық мүмкіндігінің молдығын көрсетті.
Режиссерлік еңбегі
Ол режиссерлік жұмыспен де айналысып:
- Ж.Тәшенов пен И.Саввиннің «’’Беу, қыздар-ай’’»
- М.Хасеновтің «’’Пай-пай, жас жұбайлар-ай’’»
- Ә.Әбішевтің «’’Атыңнан айналайын, Мәди’’»
- Т.Ахтановтың «’’Махаббат мұңы’’»
- О.Бөкеевтің «’’Мен сізден қорқамын’’»
- Ш.Мұртазаның «’’Жетім бұрыш’’»
- Д.Исабековтің «’’Анасын аңсаған қыз’’»
- Жәкиевтің «’’Әке тағдыры’’», т.б. спектакльдерді қойып, көрермендер көңілінен шықты.
Кенжековтің кино саласы дамуына да қосқан үлесі мол. Ол киноэкранда жасаған, ойнаған оншақты рөлдермен қатар, орысша фильмдерді қазақшалауда (2000-ға жуық фильм) көп еңбек сіңірген.
Марапаттары
- «’’Құрмет’’» орденімен марапатталған.
Дереккөздер
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер