Алтынжон татрең (Pluvialis apricaria) дене мөлшері маусымқұсқа жуық (200 г шамасында, қанатының алымы - 60 см шамасында) балшықшы құс.
Алтынжон татрең | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Adult in breeding plumage | ||||||||||||||
(IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Pluvialis apricaria (Linnaeus, 1758) |
Биологиялық сипаттама
Аталықтарының күйттік жасану кезіндегі жонының реңі - алтын түстес сары шұбары бар қара, бауыры, ноқтасы және тұмсық үстіндегі маңдайы - қара. Аналығының жабын қауырсындары осыған ұқсас, дегенмен бауырында ақ теңбілдері болады. Екі құстың да қыста реңі қарауытып, жемсауы, төсінің бір бөлігі және екі қапталы - түтін түстес, бауыры күңгірт ақ түсті болып кетеді. Қолтық ойындысының түсі ақ болады.Ұяларды көтеріңкі үлескілерге салады. Салындыдағы 2-5, көбінесе 4 қоңыр немесе сұр секпілді сарғыштау қоңыр жұмыртқаларды ата-енелері басады. Негізгі қорегі - жануартекті азықтар.
Таралуы
Батыс Еуропа мен Сібірдің тундрасы және ішінара орманды тундрасына қоныстанады, Қазақстанда ұшып өткенде кездеседі, мұндайда суқоймалардың жағасын бойлап, көбінесе басқа балықшы құстардың тобында жүреді. Көктемде - сәуір- мамырда, күзде қыркүйек-қазанда ұшып кетеді.
Дереккөз
1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
- Pluvialis apricaria. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.