“Альмагест” (арабша әл-Мажисти, латынша Almagestum,грекше Megіste Syntaxіs — “Ұлы құрылыс”) — Птолемейдің 2 ғасырдың орта шенінде жазған белгілі астрономиялық шығармасы. Ол 13 кітаптан тұрады. Бұл шығарма Вавилон, Мысыр, Араб, Үндістан, Қытай, Иран, Грекия елдеріндегі сол кезде жасалған астрономиялық зерттеулер мен Птолемейдің өз еңбектері нәтижелері негізінде жазылған.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHdMekJpTDFCVFRWOVdOemhmUkRNeU5sOVFkRzlzWlcxNUxuQnVaeTh5TURCd2VDMVFVMDFmVmpjNFgwUXpNalpmVUhSdmJHVnRlUzV3Ym1jPS5wbmc=.png)
“Альмагестте” сфералық астрономия, Күн мен Айдың көрінерлік қозғалысы, планеталардың бойлық пен ендік бойынша көрінерлік қозғалысы теориялары, жұлдыздардың эклиптикалық координаттары баяндалған. Сондай-ақ дүние жүйесінің Птолемей жасаған алғашқы математикалық моделі () берілген.
“Альмагест” 828 ж. араб тіліне аударылды. Соның нәтижесінде онымен Шығыс ғұламалары танысқан. Әбу Насыр әл-Фараби ол жөнінде “Альмагеске түсініктеме”, “Алмагеске қосымша кітап” еңбектерін жазды. “Альмагест” 1515 ж. Венецияда латын, 1538 ж. Базельде грек тілінде басылды.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер