Анализатор – (талдағыш) – анализатор (грек. аnalysis – қаз. бөлшектеу, жаю) талдама (сыртқы түйсікті мүшелерден бастап, миға дейінгі күрделі жүйке механизмі; ол дүниедегі сыртқы құбылысты,әсерді қабылдайды және талдайды). И.П.Павловтың ұсынған ұғымы. Тітіркендіргіштерге әсерлену мен қабылдауда, өңдеуде қатысатын афференттік және эфференттік жүйке құрылымының жиынтығын білдіреді. (кинестетикалық ) т.с.с. талдағыштар (анализаторлар) бар А. – организмнің сыртқы және ішкі ортасынан келетін тітіркендіргіштерді талдау және синтездеу қызметін атқаратын жүйке аппараты. Түйсіктердің физиологиялық негіздері болып табылатын – ол тітіркендіргіштің оған сәйкес анализаторға (сезім мүшесіне) әсері нәтижесінде пайда болатын жүйке процесі. И.П. бойынша, анализатор – бұл тітіркендіргіштерді қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттік және эфференттік жүйке жолдарының жиынтығы. А. тітіркендіргіштердің әсерімен рефлекторлық түрде өзгеріп отыратын белсенді мүше, сондықтан түйсік пассивті емес, ал әрқашан қозғалыстық компоненттерден тұратын белсенді психикалық процесс болып табылады. А. үш бөлімнен тұрады: бөлім (рецептор) – сыртқы энергияны жүйке процесіне айналдыратын арнайы трансформатор. (орталыққа бағытталған) және (орталықтан шығатын) жүйке талшықтары немесе өткізгіш жолдар; А-дың мидағы қабықасты және қабықты бөлімдері; бұларда перифериялық (шеткі) бөлімдерден келетін жүйке импульстарының өңдеуі іске асады. А.-дың шеткі бөлімдерінің белгілі бір жасушаларына ми қыртысы жасушаларының белгілі бір бөлімшелері сәйкес келеді. Осылайша, мыс., көз торының әртүрлі нүктелеріне ми қыртысында кеңістік бойынша әртүрлі орналасқан нүктелер сәйкес келеді.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер