Анчоус (ис. anchoa) — консервіленіп тағамға пайдаланылатын теңіз балығы. Анчоустан май да өндіріледі. Анчоус атымен майшабақтар балықтарынан алынатын өнімдердің үш түрі белгілі: 1. Anchosen. Бірнеше ай бойы татымдықтар қосылған тұздықта өңделмеген түрде салынып өңделген майшабақ. Одан кейін оларды бөлшектеп, еті қызыл түске ену үшін аз мөлшерде селитра қосылған басқа тұздыққа ауыстырып салады. Осынан кейін тіліктерге бөлінеді. Мұндай анчоустардың еті дайын күйінде өте жұмсақ; 2. Anchovis. Ауланғаннан кейін бірден бірнеше күнге тұздыққа салынған майда майшабақ немесе майда салака. Жарты айға оларды жаңа тұздыққа салып қояды, содан кейін кішкене бөшкелерге тұздықсыз қатарлап, ірі түз бен татымдықтар сеуіп салады. +4°С температурада төрт ай тұрғызады да, бөлшектемей кішкене ыдыстарда сауда жібереді; 3. Anschovsen. Ауланғаннан кейін бөлшектеліп, екінші әдістегідей өнделген сардиналар.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.—Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер