Ара ағайындық - қақтығысқа қатысушы жақтарға басу айтып, бітімгершілікке шақыру. Ара ағайындық дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Көршілес екі рудың немесе ағайындар арасында жер-су дауы, жесір дауы сияқты жанжалдардың өршіп, қантөгіс қақтығысқа ұласар шағында үшінші, бейтарап рудың беделді, сыйлы өкілдері басу айтып, татулыққа шақырған. Қазіргі таңда ара ағайындық белгілері бейбітшілікке жету, қантөгісті тоқтату, бітімгершілікке келу үшін жасалатын іс- қимылдардан байқалады. Ара ағайындық нышандары азаматтық бағынбау актілері мен жекелеген тұлғалар, әлеуметтік топтар тарапынан өткізілетін акциялар кезінді де кездесуі мүмкін. Теориялық тұрғыдан ара ағайындық паңифистік қозғалыс идеясында идеологиялық пішім ретінде негізделді. XIX ғасырдың соңында АҚШ-та, Англияда қарулы қақтығыстар мен жанжалдардың кез келген түрін адамгершілікке жат, тұрпайы құбылыс санайтын бұл қозғалыс ауқымды халықаралық демократиялық күшке айналып, әлемнің көптеген елінің ішкі, сыртқы саясатына елеулі ықпал етіп отыр. Нақтылы мемлекет өкілдері, мемлекет қайраткерлері бейбітшілік пен татулық, ізгілік ұйытқысы ретінде ара ағайындық сыртқы саясаттағы қызметінің басты міндеттерінің бірі деп қарайды.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер