Аргулардың тарихта кездесуі
М. Қашқари, т.б. еңбектерінде, ежелгі сына жазуында, ескі эллин, парсы, Византия жазбаларында Аргу тайпасы Аргон, Ориген түрінде кездеседі. Аргулар М. Қашқари және басқа тарихшылардың жазбаларында Талас өзенінің бойын, ежелгі Талас (Тараз), Сайрам қалаларының екі аралығын мекендейтін, түркі тілдес, саны көп ежелгі ел екендігі айтылған. Осы пікірді кейінірек Бартольд та қостайды. Қырғыз халқының Манас жырында Аргулардың Жетісу өңірін жайлағаны жөнінде мағлұмат берілген. Осы өңірден жүріп өткен Марко Поло мен жазбаларында да Арғұн тайпасының географиялық орны көрсетілген. XIII ғасырдағы жазбаларда Аргудың орталығы Іле өзенінің аңғарындағы Алмалық болғаны айтылады. Әдебиетте Аргу тайпасы қазақ халқының құрамына енген Арғын тайпасының арғы тегі деген болжам бар.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б.
Сыртқы сілтемелер
- Последние комментарии 8 ақпанның 2015 жылы.
- ШЕЙБАНИ ХАН ӘСКЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ 8 ақпанның 2015 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер