Арда Гүлер (түр. Arda Güler; 25 ақпан 2005, Анкара) — түрік футболшысы, испаниялық «Реал Мадрид» клубы мен Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы. Чемпиондар лигасын жеңген алғашқы түркиялық футболшы.
Арда Гүлер | ||||||||||||||||||||||||||||
![]() | ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | ||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 176 см | |||||||||||||||||||||||||||
Позиция | ||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | ||||||||||||||||||||||||||||
Номері | 24 | |||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||
Арда Гүлер Ортаққорда | ||||||||||||||||||||||||||||
Клубтық мансабы
Карьера бастамасы
Мансабын 2014 жылы жергілікті «Генчлербірлігі» клубының академиясында бастады. 2019 жылы ыстанбұлдық Фенербахче академиясына қосылды. 2021 жылдың 13 қаңтарында клубпен алғашқы кәсіби келісімшартқа отырды. 19 тамызда Фенербахче сапындағы алғашқы ойнын плей-офф кезеңінің іріктеу раундында ХИК клубына қарсы өткізді. Үш күннен кейін Түркия суперлигасында Антальяспорға қарсы матчта дебют жасап, нәтижелі пас берді. Ол Түркия суперлигасында пас берген ең жас ойыншы атанды (16 жас 178 күн). 2022 жылдың 13 наурызында «Фенербахче» сапындағы алғашқы голын Түркия суперлигасының Антальяспорға қарсы матчында соқты.
2023 жылы Милан, Наполи, ПСЖ, Аякс, Барселона және Реал Мадрид, сонымен қатар бірнеше ағылшын клубтары ойыншыға қызығушылық танытты.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODRMemczTDBGeVpHRmZSeVZETXlWQ1EyeGxjbDlHWlc1bGNtSmhhQ1ZETXlWQk4yVmZSbTl5YldGekpVTTBKVUl4WHlWRE5DVkNNR3hsWDJ4cFoxOXJkWEJoY3lWRE5DVkNNVjl0WVNWRE15VkJOeVZETkNWQ01XNWtZUzVxY0djdk1qSXdjSGd0UVhKa1lWOUhKVU16SlVKRGJHVnlYMFpsYm1WeVltRm9KVU16SlVFM1pWOUdiM0p0WVhNbFF6UWxRakZmSlVNMEpVSXdiR1ZmYkdsblgydDFjR0Z6SlVNMEpVSXhYMjFoSlVNekpVRTNKVU0wSlVJeGJtUmhMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
Реал Мадрид
Реал Мадридпен келісімшартқа отыруы және алғашқы маусымы (2023-2024)
2023 жылдың 6 шілдесінде Испанияның Реал Мадрид клубы Арда Гүлермен 2029 жылдың маусымына дейін алты жылдық келісімшартқа отырғанын жариялады. Реал Мадридке көшпес бұрын Арда Гүлер Барселона ұсынысынан бас тартты. Трансфер құны 20 миллион еуроны құрады, тағы 10 миллион еуро бонус түрінде берілді.
Арда Гүлер маусым алдында жарақат алып қалды, қалпына келуіне шамамен 60 күн қажет болды; күзде жамбасын ауыртып алды, тағы бір ай ойнамауға мәжбүр болды. Ол клуб сапындағы дебютін 2024 жылы 6 қаңтарда 1/16 финалында Арандинаға қарсы өткізді. Алғаш рет 27 қаңтарда Лас-Пальмасқа қарсы ойында 81 минутта қосалқы құрамда ойнады. 2024 жылдың 10 наурызында «Сельтаға» қарсы ойында «Реал Мадрид» сапындағы алғашқы голын соқты. Келесі гол 26 сәуірде Реал Сосьедадқа қарсы өткен чемпионат матчында соғылды. Сол кезде ол алғаш рет негізгі құрамда көрінді. 14 мамырда «Алавесті» (5:0) жеңуге қатысып, гол соқты. 19 мамырда ол «Вильярреалға» қарсы гол соғып, матч 4:4 есебімен аяқталды. Маусым соңында «Реал Мадрид» құрамында Испания чемпионы атанды.
2024 жылдың көктемінде Арда Гүлерді арендаға жіберетіні туралы ақпарат пайда бола бастады, бірақ бұл жоққа шығарылды.
Ол финалында Дортмундтың «Боруссиясына» қарсы ойында алаңға шыққан жоқ. «Реал Мадрид» қарсыластарын 2:0 есебімен ұтып, кубокты иеленді.
Ұлттық құрамадағы мансап
2021 жылы Түркияның 17 жасқа дейінгі ұлттық құрамасында дебют жасады.
2022 жылғы 19 қарашада Чехияға қарсы жолдастық кездесуде Түркия сапындағы алғашқы ойнын өткізді. 2023 жылдың 19 маусымында Еуро 2024 іріктеу турнирінде Уэльске қарсы матчта 23 метр қашықтықтан бірінші голын салды.
Ал екінші голын 2024 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Грузияға қарсы ойында алыстан қақпаға дәл бағыттап соқты.
Ойнау стилі
Арда Гүлер «Фенербахчеде» болашағынан үміт күттіретін жартылай қорғаушы болды. Ол қапталдан қозғалып, тереңнен шабуылдар жасай алды. Сондай-ақ голды алыстан салатын қабілеті бар.
2023 жылы 11 маусымда өткен Түркия кубогының финалында 8 гол соғатын мүмкіндік жасап, матчтың 2 минутында Миши Батшуайиге нәтижелі пас берді. «Фенербахче» «Ыстанбұл Башахшехирді» 2:0 есебімен жеңіп, соңғы 10 жылда алғаш рет кубокқа ие болды.
Жетістіктері
- Фенербахче
- Түркия кубогының иегері: 2022/23
- Реал Мадрид
- Испания чемпионы:
- Испания суперкубогының иегері:
- УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы:
Статистикасы
Клубтық
2024 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша
Клуб | Маусым | Лига | Ұлттық кубок | Құрлықтық | Басқа | Барлығы | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Лига | Ойын | Гол | Ойын | Гол | Ойын | Гол | Ойын | Гол | Ойын | Гол | ||
Фенербахче | 2021–22 | Супер Лига | 12 | 3 | 0 | 0 | 4 | 0 | 0 | 0 | 16 | 3 |
2022–23 | Супер Лига | 20 | 4 | 5 | 1 | 10 | 1 | 0 | 0 | 35 | 6 | |
Барлығы | 32 | 7 | 5 | 1 | 14 | 1 | 0 | 0 | 51 | 9 | ||
Реал Мадрид | 2023–24 | Ла Лига | 10 | 6 | 1 | 0 | 0 | 0 | 1 | 0 | 12 | 6 |
Жалпы мансабында | 42 | 13 | 6 | 1 | 14 | 1 | 1 | 0 | 63 | 15 |
Ұлттық құрамада
2024 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша
Ұлттық құрама | Жыл | Ойын | Гол |
---|---|---|---|
![]() | 2022 | 1 | 0 |
2023 | 3 | 1 | |
2024 | 4 | 1 | |
Барлығы | 8 | 2 |
- Ойны бағанында Арда Гүлер қаншасыншы матчында голын соққаны көрсетілген, ал голы мен нәтижеде Түркия нәтижесі бірінші тұр.
Реті | Күні | Өткен орны | Ойны | Қарсылас | Голы | Нәтиже | Жарыс |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 19 маусым 2023 | Самсун стадионы, Самсун, Түркия | 4 | ![]() | 2–0 | 2–0 | Еуро 2024 (іріктеу) |
2 | 18 маусым 2024 | Сигнал Идуна Парк, Дортмунд, Германия | 8 | ![]() | 2–1 | 3–1 | Еуро 2024 |
Дереккөздер
- Altyapı futbolcumuz Arda Güler’le profesyonel sözleşme imzalandı (түрік.). Fenerbahçe S.K. (13 қаңтар 2021).
- Fenerbahce vs. HJK (ағыл.). Soccerway (19 тамыз 2021).
- Fenerbahce vs. Antalyaspor (ағыл.). Soccerway (22 тамыз 2021).
- Arda Güler 16 yaşında tarihe geçti! (түрік.). Haberturk (23 тамыз 2021).
- Alanyaspor vs. Fenerbahce (ағыл.). Soccerway (13 наурыз 2022).
- AC Milan and several other important clubs express interest in Turkish versatile wonderkid (ағыл.) (2 мамыр 2023). Тексерілді, 21 мамыр 2024.
- Arda Güler becomes a Real Madrid player (ағыл.). Real Madrid CF (6 шілде 2023).
- Why Arda Guler signed for Real Madrid instead of Barcelona (ағыл.). 90min.com (10 қаңтар 2024). Тексерілді, 20 мамыр 2024.
- Arda Guler: Why Real Madrid are spending at least €20m on the 'Turkish Messi' (ағыл.). Goal.com (6 шілде 2023).
- Arda Güler - История травм (орыс.). www.transfermarkt.world. Тексерілді, 15 мамыр 2024.
- Arda Guler injury: Progress & potential return date for Real Madrid signing (ағыл.). 90min.com (3 тамыз 2023). Тексерілді, 15 мамыр 2024.
- Ancelotti hails Güler after long-awaited debut (ағыл.). ESPN.com (6 қаңтар 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- Real Madrid vs. Celta Vigo (ағыл.). Soccerway (10 наурыз 2024). Тексерілді, 11 наурыз 2024.
- Кьяран Бейнс Real Sociedad 0-1 Real Madrid: Arda Güler strike sees Carlo Ancelotti's side go one step closer to La Liga title (ағыл.). www.eurosport.com. Eurosport (27 сәуір 2024). Тексерілді, 27 сәуір 2024.
- Real Madrid 5-0 Alavés (May 14, 2024) Game Analysis (ағыл.). ESPN. Тексерілді, 15 мамыр 2024.
- Спорт, РИА Новости «Вильярреал» и «Реал» провели суперматч с восемью голами и быстрым покером (орыс.). РИА Новости Спорт (19 мамыр 2024). Тексерілді, 20 мамыр 2024.
- Champions League final LIVE: Real Madrid vs Dortmund build-up, team news, latest (ағыл.). The Irish Sun (1 маусым 2024). Тексерілді, 2 маусым 2024.
- Türkiye vs. Czechia (ағыл.). Soccerway (19 қараша 2022).
- Wales hopes hang by a thread after Morrell sees red in Turkey defeat (ағыл.). The Guardian (19 маусым 2023).
- Турция победила Грузию – 3:1. Гюлер забил победный гол в дальнюю девятку из-за штрафной (орыс.). Рамблер/спорт (18 маусым 2024). Тексерілді, 18 маусым 2024.
- Gerceker, Matt Furniss, Baris How Good is Arda Güler? The Real Madrid Signing Analysed (ағыл.). The Analyst (7 шілде 2023). Тексерілді, 17 мамыр 2024.
- «Фенербахче» в седьмой раз стал обладателем Кубка Турции (орыс.). sport-express.ru (11 маусым 2023). Тексерілді, 17 мамыр 2024.
- Arda Güler @ Fenerbahçe SK (түрік.), mackolik.com. Тексерілді 5 қазан 2022.
- Turkey – A.Guler – Profile. Soccerbase. Тексерілді, 20 тамыз 2021.
- Arda Güler. EU-Football.info. Тексерілді, 15 маусым 2023.
Сілтемелер
- Профилі «Реал Мадрид» ФК ресми сайтында (ағыл.)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер