Арматура-
- негізгі жабдықталу құрамына кірмейтін, бірақ оның жұмыс орындаутын қамтамасыз ететін тетіктер мен құрылыстар;
- темір бетон құрылғыдағы қаңқалар және езектер.
Арматура (латынша: аrmatura — құралдандыру, жабдықтандыру) — машиналардың, құралымдардың және ғимараттардың негізгі бөлігінің құрамына енбейтін, бірақ олардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін қосалқы (әдетте бір қалыпты) құрылғылар мен бөлшектер жиынтығы. Арматура қолдану мақсатына қарай:
- құбыр өткізгішті арматура,
- электр машинасын жасаудағы арматура,
- электр жүйелеріндегі арматура,
- электр қуатын жеткізу желілеріндегі арматура,
- жарық техникасындағы арматура,
- металлургия пештеріндегі арматура,
- құрылыс арматурасы болып бөлінеді.
- Құбыр Арматурасы су, бу, газ және жанармай жүретін құбырларда, сондай-ақ химиялық, тамақ т.б. өнімдер қайта өңделетін өнеркәсіптерде;
- электр машиналарын жасаудағы Арматура электр машиналарының ток жеткізуші және қосалқы бөлшектерінде;
- электр жүйелеріндегі Арматура қалқандарда, патрондарда, ажыратып-қосқыштарда т.б.;
- электр қуатын жеткізу желілеріндегі Арматура оқшаулағыштарды бағанаға, ал сымдарды оқшаулағыштарға бекітуге арналған бөлшектер мен тетіктер құрамында;
- жарық техникасындағы Арматура жарық ағынын реттеуге және көзді өткір жарық сәулесінен қорғауға, жеткізуге, электр шамдарын бекітуге және оларды сынып қалудан сақтауға арналған жарық беретін құрылғылардың бөлшектері құрамында;
- металлургия пештеріндегі Арматура пештің ыстыққа төзімділігін арттыруға және оның сыртқы бетін салқындатуға қажетті металл бөлшектері құрамында;
- құрылыс Арматурасы құралымды күшейту үшін темір бетонда өзек, сым, каркас, тор т.б. түрінде қолданылады.
Ол әр түрлі пішінде жасалады . Арматуралық металл ретінде көміртекпен аз легирленген болат пайдаланылады. Қазақстанда Арматура , , шығарылады.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер