Арқарлы – Кешубай тауының солтүстік сілемі.
Арқарлы тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Кешубай тауы |
Пайда болған кезеңі | |
Биіктігі | 1272 м |
Орналасуы | |
49°09′08″ с. е. 76°20′51″ ш. б. / 49.15222° с. е. 76.34750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°09′08″ с. е. 76°20′51″ ш. б. / 49.15222° с. е. 76.34750° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерінде, Түндік өзені мен оның солтүстік саласы Ақжарық өзенінің аралығында, Қарағайлы кентінің оңтүстік-шығысынан 5 км жерде орналасқан. Ең биік жері 1272 м.
Жер бедері
Оңтүстік және шығыс беткейлері аласара келіп Түндік өзенінің аңғарына ұласады. Солтүстік және солттүстік-шығыс беткейлері тік, жартасты келген.
Геологиялық құрылымы
Тас көмір гранитоидтарынан және девон жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Қызыл қоңыр топырағында бетеге, жусан, селеу, сұлыбас, қараған өседі, қайың, көктерек, тал аралас тоғайлар кездеседі. Етегінде көптеген бұлақтар бар.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы I том