"Асан қайғы , Тоған, Абат" — Мұрын жыраудан жазылып алынған жеке бір тармағы. Жырдың поэтик. ерекшеліктерімен қатар генеалог. сипаты да айқын. Асан Қайғы тұсындағы аңызбен сабақталған оқиға оның арақатынасына ұласып, інісі Тоған және баласы Абаттың қалмақтан кек қайтаруына жалғасқан. Жырдың топтамалық сипатын аңғартатын келесі бір белгі — алғашқы бөлігінің аңызбен сабақтасып, 7-8 буынды жыр үлгісіндегі соңғы бөлігінің бөлек-бөлек оқиғаларға айналуы. Аңыздық-эпик. желімен қатар тарихи-этник. мәліметтерді де қамтып отыратын жырдан тарихи тұлғаларының бейнелері елес береді. Олар бірде антропоним (Тарғын, Жәнібек), бірде топоним (Жем, Аштархан), бірде көне наным-сенім көріністері (Қыдыр, Ілияс, ) түрінде бой көрсетеді. Көлемі 800 жолдан астам жыр нұсқасы 1942 ж. Алматыда жазылып алынған. Қағазға түсірген — . Қолжазба Қазақстан ғылым академиясының Орт. ғыл. кітапханасында сақтаулы (667 папка). 1990 ж. “Батырлар жырының” 6-томында толық жарияланған. Жыр туралы мәліметтер М. Мағауин, Б. Ысқақов еңбектерінде кездеседі.
Дереккөздер
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|