Аскания-Нова (укр. Асканія-Нова) - Украинаның оңтүстігіндегі мемлекеттік қорық (1828 ж. ұйымдастырылған). Херсон облысындағы қаласынан оңтүстік-шығыста 60 км қашықтықта, Аскания-Нова елді мекенінде орналасқан. Далалық өңіріндегі тың жерде жануарлар мен өсімдіктің табиғи жағдайын сақтай отырып, зерттеу жұмысын жүргізу үшін құрылған.
Аскания-Нова (Асканія-Нова) | |
Ф.Э.Фальц-Фейн атындағы Биосфералық қорық | |
Елі | Украина |
---|---|
Облыс | Херсон облысы |
Аймағы | Чаплинка ауданы |
Шаһарлығы | Аскания-Нова елді мекені |
Area | 333,08 (129 ) |
- Қорықтың аумағы | 110,54 (43 ) |
- Қосымша аймағы | 60 (23 ) |
![]() Аскания-Нова Украина картасында | |
Website: ascania-nova.org | |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelV5TDFCeWVtVjNZV3h6YTJrbE1qZHpYMGh2Y25ObFgwRnphMkZ1YVdGZlRtOTJZUzVxY0djdk1qQXdjSGd0VUhKNlpYZGhiSE5yYVNVeU4zTmZTRzl5YzJWZlFYTnJZVzVwWVY5T2IzWmhMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
Аскания-Новаға тиісті жер 333,08 км², соның ішінде 110,54 км² жерді қорық алып жатыр. Қорықтың негізінде 1932 ж. жануарларды жерсіндіру және оларды өзара будандастыру ісімен шұғылданатын Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты құрылған еді. Ол 1956 жылы Украинаның М.Ф.Иванов атындағы далалық өңірдегі мал шаруашылық ғылыми-зерттеу институтына айналдырылды.
Аскания-Нованың зоологиялық бөлімінде дүниенің түкпір-түкпірінен әкелінгентағы жануарлар (бизон, зубр, зебр, лама , Пржевальский жылқысы, құстардан Африка түйеқұсы, нанду, аққу, т.б.) өсіп-өнеді.
Ботаника бағында ағаш пен бұтаның 120-ға жуық түрін Оңтүстіктің қуаншылық жағдайына бейімдеп өсіру жұмыстары жүргізіледі.
Дереккөздер
- Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер