Аскаридоз (ascarіdosіs) бөсір — адам мен жануарлар денесінде тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Қоздырғышы — Ascarіs lumbrіcoіdes. Ол адам денесінде жұптасып өмір сүреді. Жұмыртқасы нәжіспен сыртқа шығады, бірақ 14 күнге дейін топырақта тіршілігін сақтайды. Жуылмаған көкөністерді, жеміс-жидектерді жегенде, қайнатылмаған суды ішкенде құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады. Әсіресе А-бен балалар көп ауырады. Аурудың алғашқы және асқынған кезеңдері болады. А-дың алғашқы кезеңінде баланың дене қызуы аздап көтеріліп, жөтеледі, кейде кеңірдек-өкпе қабынулары, сирек болса да аяқ-қол басында қызарған бөртпелер пайда болады. А-дың асқынған кезеңінде бала тәңертеңгілік жүрегі айнып құсады, іші өтеді. Кейде іші қатады, ішектері қатты ауырып түйіледі, денесін аллергиялық бөртпелер басып, демігеді. А-ды серологиялық реакциялар, рентген т.б. қолдану арқылы анықтайды. А-ды құрттарға қарсы препараттар ішкізу, асқазанға таза ауа жіберу арқылы емдейді. А-дан сақтандыру жолдары: қолды сабындап жуу, жеміс-жидектерді таза сумен жуып жеу, қоғамдық орындарда тазалық сақтау.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер