Ат құлақ , атқұлақ (лат. Rumex confertus) – тарандар тұқымдасы, қымыздық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның солт., батыс, шығыс облыстарындағы өзен жағалауларында, орманды алқаптарында және шалғынды-жайылымды жерлерінде өседі. Биікт. 150 см-дей, сабағы тік, қырлы болады. Шоқтана біткен жапырағының сырт пішіні аттың құлағына ұқсас болғандықтан өсімдіктің аты соған байланысты қойылған. Шеті тілімденген, гүлшоғыры ұзынша келеді, кейде шоғырлана орналасады. Гүлшоғырына жиналған гүлі майда, ақшылдау. Мамыр – маусымда гүлдейді. Жемісі – үшқырлы жаңғақша. А. қ-ты мал жемейді. Оның тамырында 8 – 12% илік заттар бар. Одан сары немесе қара бояу алынады. Тамырынан алынған дәрілік заттар – және тері ауруларына ем. бауыр ауруын емдеуге де пайдаланады, тұқымынан қайнатып алынған дәрімен дененің күйген жерін емдейді. А. қ-тың құрамында 13% белок, 2%-ға жуық шикі май және ерітінді темір қоспасы бар. Сондықтан оның сабағы мен дәнінен ұн қоспасын алуға болады.
Ат құлақ | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||
Rumex confertus Willd., 1809 |
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер