Атасу тас қорғаны – 18 ғасырда салынған бекініс орны.
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы елді мекенінен солтүстік шығысқа қарай 10 км жерде, Атасу өзеніне құятын Талас өзенінің оң жағасында орналасқан. 1997 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі (Жолдасбек Құрманқұлов)) зерттеген.
Бекініс доғаша иілген, ортасы тегіс, табиғи төбе үстіне салынған. Пішіні төртбұрышты. Қамал қабырғалары тастан қаланған. Оның бұрыштарында 2 – 4 мұнара орындары сақталған. Қазіргі кездегі қабырғалардың биіктігі 0,3 – 1 м, қалыңдығы 4 – 6 м. Әр қабырғасының ұзындығы 400 – 600 м. Қамалдың оңтүстік жағы тегіс, биіктігі 2 м-ден асады, топырақ дуалмен қоршалған. Дуалға топырақты сыртқы іргесінен алып, терең әрі кең ор жасаған. Қақпасы оңтүстік-батыс жағында. Оған қатарластыра қорған ішінде ортасынан қақпа қалдырып, екінші дуал үйген. Дуалдар арасында, қорған ішінде үй орындары жоқ. Соған қарағанда мұнда киіз үйлер мен шатырлар тігілген. Халық арасында оны Кенесары қорғаны деп те атайды. Осы жерден 55 км қашықтықта орыстар салған Ақтау бекінісі орналасқан.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер