Атырау халық ұлт аспаптар оркестрі, Д.Нұрпейісова атындағы - мәдени-концерттік мекеме.
Атырау қалалық Мұнайшылар мәдениет үйінің халық ұлт аспаптар оркестрі. 1957 ж. ұйымдастырылды. 1959 ж. халық оркестрі атағы берілді. Ұйымдастырған - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор, дирижер С.Құсайынов.
Әр жылдары ұжымның көркемдік жағын Б.Рзаханов пен О.Жауыров, Р.Ғабдиев басқарды. Оркестр репертуарында Құрманғазының, Динаның, Дәулеткерейдің, сонымен қатар, С.В. Рахманиновтың, Л.Бетховеннің, В.А. Моцарттың және қазіргі қазақ композиторларының музыкалық шығармалары орын алды. 1958 ж. ұжым Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде және 1970 ж. республиканың 50 жылдығына байланысты өнер көрсетті.
1978 ж. Бүкілодақтық және 1960, 1967 ж. Республикалық көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығы байқауларының лауреаты.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер