Аффиндік геометрия (лат. affіnіs — туыстас) — геометрияның жазықтықтағы (не кеңістіктегі) кез келген аффиндік түрлендіру (жазықтық не кеңістік нүктелерінің өзіне өзі бір мәнде нүктелерге бейнеленуі) кезіндегі фигуралардың қасиетін зерттейтін бөлімі. Негізгі аффиндік инвариант — бір түзудің бойында жатқан үш нүктенің (М1 , М2, М3) мынадай қарапайым қатынасы: х2–х1/х3–х2, мұндағы х1, х2, х3 — үш нүктенің абсциссалары. n нүктеден (nа4) тұратын кез келген жүйенің аффиндік инварианты осындай қарапайым қатынастар арқылы өрнектелуі мүмкін. Геометрия бейнелердің аффиндік түрлендіру кезінде бірінен біріне өтетін қасиетін алғаш рет (19 ғасырдың 1-жартысы) неміс математигі А. М(биус зерттеген. Дегенмен “Аффиндік геометрия” ұғымы 1872 жылы. жасалған “эрланген бағдарламасынан” (евклидтік, аффиндік және проективтік геометрияларға бірыңғай көзқарас болу) кейін ғана пайда болды. Әдеб.: Александров П.С., Лекции по аналитической геометрии, М., 1968; Ефимов Н.В., Высшая геометрия, 6 изд., М., 1978.
Дереккөздер
- Александров П.С., Лекции по аналитической геометрии, М., 1968; Ефимов Н.В., Высшая геометрия, 6 изд., М., 1978.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , I том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер