Ақбастау – Бетпақдаланың оңтүстігіндегі оқшау тау.
Ақбастау тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 8 км |
Ені | 3-3,5 км |
Биіктігі | 491 м |
Орналасуы | |
45°43′48″ с. е. 71°34′42″ ш. б. / 45.73000° с. е. 71.57833° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°43′48″ с. е. 71°34′42″ ш. б. / 45.73000° с. е. 71.57833° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 491 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік-батысқа қарай доғаша созылып жатыр. Ұзындығы 8 км, енді жері 3-3,5 км.
Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы палеоген жүйесінің әктас, құмтас, саз, малтатастарынан түзілген. Батысы мен оңтүстік беткейлері көлбеу келген, шығысы мен солтүстігі тіктеу.
Өсімдігі
Тау етегінде теріскен, еркек шөп, бұйырғын, қара жусан, беткейлерінде сұр жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өседі. Беткейлерінде сұр, сортаң топырақ жамылғысы қалыптасқан. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.