Ақбұйым (А қ б и і м) — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Ұлы жүздегі Жалайыр тайпасынан таратылады. Ұраны — Бекбау, Бақтияр, таңбасы — тарақ. Ежелгі қонысы мен Іле өзенінің арасы. Қыстауы — Іле өзенінің оң жағасы, Шолақ тауының іші, Алтынемелдің күнгей жақ беткейіндегі Бақтияр, Қосқұдық, Жартасты, Көктөбе жерлерінде. Жаздың ыстық айларында Қапал — Арасан тауларындағы Жалғызағаш, Қоянды, Арасан, Ақжар жайлауларына шыққан. Жидебай, Көшентоған, Теректі т.б. қыстаулардың маңына егін салған. Ақбұйым Сары, Құйас деген екі атаға бөлінеді, кейбір шежірелерде Құйас, Маман, Саман, Тұрлыбай, Көлбай, Есет, Дәуей деп таратылады.
Тағы қараңыз
Сілтемелер
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|