Жасми́н (лат. Jasminum, парсы: یاس — ясемин) — зәйтүндер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Ақжұпардың үй жағдайында өсірілетін және бақшада өсетін түрі болады.Ол шырмалып өсетін мәңгіжасыл бұтақты өсімдік. Гүлдері жай және гүлпарлы, ақ, сары, күлгін түсті болады. Бір сабақ басына 4–5 дана гүлден жинақталған. Жақсы күтім жасалса ұзақ тіпті жыл бойы гүлдей береді. Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, ұсақ, ашық жасыл түсті болады. Үй жағдайында оның көбінесе көпгүлді jasminum polyanthum және jasminum sambac деген түрлері өсіріледі. Гүлдерінің хош иісі басым болып келеді. Бір тал гүлінің өзі бүкіл бөлмені хош иіске бөлейді. Сонымен қатар, гүлдерін шайға қосып дәмдеуіш ретінде пайдаланады. Ақжұпар балконды гүлдендіруде, қысқы бақ жасауда кең қолданыста. Оны шөмеле тәрізді етіп немесе сабақтарын тіреуішке байлап баспалдақ сияқты өсіруге болады. Шығыс медицинасында ақжұпарды емдік мақсатта қолданады. Оның тамырынан жасалған арнайы қайнатпаларды дәрігерлер операция алдында қабылдауға кеңес береді.
Ақжұпар | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() 'Grand Duke of Tuscany' | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
L. | ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
200 түрі белгілі |
Сыртқы сілтемелер
- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
- "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 ISSN 2078-6727
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер