Ақдала – мемлекеттік табиғи ботаникалық қорықша. Аумағы 2000 гектарды құрайды. Мақсаты – жусанның табиғи қопаларын қорғау. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құзырында.
Ақдала қорықшасы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 2000 га |
Орналасуы | |
42°18′13″ с. е. 68°35′24″ ш. б. / 42.30373757° с. е. 68.58995495° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°18′13″ с. е. 68°35′24″ ш. б. / 42.30373757° с. е. 68.58995495° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Түркістан облысы |
Аудан | Арыс қалалық әкімдігі |
Географиялық орны
Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағына қарасты жерде, Сырдария мен Арыс өзендерінің аралығында, жоталы лессті жазықта орналасқан.
Флорасы
Қорықша аумағында қорғалатын өсімдік түрлері: ақ топырақты жусан, қаратау жусаны, жантақ, кеурексасыр, кәдімгі адыраспан, қияқөлең, жуашықты қоңырбас, арпаған, мортық, теріскен, қызыл жыңғыл, тікенекті жыңғыл, гүлкекіре, көбенқұйрық, татар катраны, тауарпа. Дәрмене, Шренк қызғалдағы, Борщов қызғалдағы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Фаунасы
Қорықша аумағындағы құстардың, жануарлардың, бауырымен жорғаушылардың, жыландар мен балықтардың 33 түрі қорғалады, солардың ішінде құстардан дала қыраны, қарақұс, ителгі, қылқұйрық бұлдырық, бүркіт, қарабауыр бұлдырық, дуадақ, үкі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енген түрлер: қарақұс, дала қыраны, дуадақ, ителгі, дала тасбақасы.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер