Ақтасты – Есілдің сол саласы.
Ақтасты өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 31 км |
Су алабы | Есілі |
Бастауы | Ұсақ шоқылардағы бұлақтар |
Сағасы | Есіл |
• Координаттары | 50°47′36″ с. е. 72°13′18″ ш. б. / 50.79333° с. е. 72.22167° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°47′36″ с. е. 72°13′18″ ш. б. / 50.79333° с. е. 72.22167° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы Аршалы ауданы |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданы жерінен ағады. Ұзындығы 31 км.
Гидрологиясы
Бастауын ұсақ шоқылардағы бұлақтардан алып, оңтүстік-батыстан солтстік-шығысқа қарай делювийлі-пролювийлі аккумулиятты жазықпен ағады, Аршалы кентінен төменде (4 км) Есіл өзеніне құяды. Аңғары аз тілімденген. Қар және жер асты суларымен толысады. Сәуір айының алғашқы онкүндігінде тасиды. Жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады.
Топырағы, өсімдігі
Жоғарғы ағысындағы топырағы күңгірт қоңыр, төменгі ағысында оңтүстіктің карбонатты қара топырағы қалыптасқан. Бетегелі-сұлыбасты өсімдіктер басым. Суын мал суғаруға пайдаланады.