Ақынжанов Мұсатай (1905 жылғы 9 мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының – 1986) - тарих ғылымдарының докторы.
Өмірбаяны
- 1925 жылы Семейдің педтехникумын бітірген.
- 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.
- 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған.
- республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған.
- облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы.
- Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы,
- Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған.
- Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Ғылыми еңбектері
- Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Тарихи және тарихи-әдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді.
- «Исатай мен Махамбет»
- «Сырым Датов»
- «Бағытай – Бағила»
- «Фрунзе»
- «Жеңіс қамы»
- «Шопан қыз»
- «Алтын сақа»
- «Алтын алқап сырлары»
- «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар.
Шығармалары
- Жастарға үлгі-өнеге. Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925;
- Шаруа достары. Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926;
- Садыр мен Садық. Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, 1931;
- Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы. А., ҚМКӘБ, 1948;
- Абайдың өмірі мен творчествосы. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955;
- Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы. Зерттеу. А., «Ғылым», 1971;
- Нұрсәуле – Шолпан. Пьесалар. А., «Жазушы», 1971.
Дереккөздер
- «Қазақстан жазушылары: XX ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.
- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер