Аққанатты бозторғай (лат. Melanocorypha leucoptera) - Қазақстандағы дала бозторғай туысына жататын 4 түрдің біреуі.
Аққанатты бозторғай | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||
| ||||||||
Melanocorypha leucoptera (, 1811) |
Биологиялық сипаттамасы
Дене тұрқыны 17-19 см, қанаттарының өрісі - 35 см-ге дейін.
Жабын қауырсынының қызғылт түсінен, әр қанаттың артқы жиегіндегі жалпақ ақ жолақ бойынша оңай тануға болады. Ұшқанда бұл ақ жолақтар көрінбейтіндіктен, қанатты балшықшы тәрізденіп, жіңішке және үшкір болып көрінеді. Құс ойнақта ұшуы өзге дала бозторғайдардікі сияқты - қанаттарын толық жанастырғандый күшті сермейді.
Әуезі әдемі, қанық және сыңғырлап естіледі.
Таралу аймағы
Қазақстанның солтүстік жартысын, орман-далалы зонаның далалық және оңтүстік бөлігін мекен етеді. Қазақстанның қалған аумақтарының барлығында - наурыз және қыркүйек-қазанда ұшып өткенде кездестіруге болады. Қысты Қазақстанның оңтүстігінде таман өткізеді, алайда қыс жылы болса, мағында, соның ішінде Қазақстан аймағында қыстап қалады.
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Аққанатты бозторғай
- Позвоночные животные России: Белокрылый жаворонок 24 қыркүйектің 2015 жылы.
- http://www.birds.kz/species.php?species=379&l=ru 14 қаңтардың 2014 жылы.
Дереккөздер
- Қазақстанның құстары: жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арналған қосымша оқу құралы: ҚР білім және ғылым м-гі ұсынған / Омархан Беркінбай.- Астана: Арман-ПВ, 2010.- 200 б.