Аңғалтатрең (лат. Charadrius morinellus) - орташа денелі (80-90 кило), дене бітімі мығым балшықшы құс.
Аңғалтатрең | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Charadrius morinellus Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Summer Winter |
Сипаттамасы
Дене жамылғысының реңі - қоңырқай түсті. Төсінің үстінен көлденең қоңыр, ақ және қара жолақтар өтеді, ал ақшыл бауырында қара дағы бар. Жерде шүрілдектер сияқты қысқа қадам жасап, жүгіреді.
Мекені
Еуразия және Азияның арктикалық және тау тундраларында мекендейді. Қазақстанда альпілік өсімдіктері мардымсыз, тасты-тасшақпалы тегіс алаңқайларда орын теуіп, Алтай және Сауыр биік тауларында ғана ұялайды.
Ұялауы
Үйірге тез жиналады, тіпті қадау-қадау қауымдастықта ұялайды. Аналығы салындыға 2-4 теңбіл жүмыртқаны тақыр жердегі ұяға салып, оны аталығы басады және балапандарды өргізеді. Аналықтар топтасып, жеке-жеке көшпенділік жасап ұшады. Оңтүстікке де аналықтар шілдеден-ақ алғаш ұшып кете бастайды.
Қазақстанда сәуір-мамырдан тамыз-қыркүйекке дейін - 4-5 ай болады. Бұл құс аз зерттелген.
Дереккөздер
- Eudromias morinellus. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- iucnredlist
- Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.