Базарбай каналы – Талас өзенінен бастау алып Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Түймекент, Суханбаев, Амангелді, Үшбұлақ елді мекендеріндегі егістіктерді ылғалдандыру үшін пайланылатын өздігінен ағатын канал.
Базарбай каналы | |
Орналасуы | |
Ел | |
Аймақ | Жамбыл облысы |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 120 км |
Су шығыны | 11 м³/с |
Су ағысы | |
Бастауы | Талас |
42°53′17″ с. е. 71°24′43″ ш. б. / 42.887981° с. е. 71.411933° ш. б. (G) (O) (Я) | |
43°01′09″ с. е. 71°51′27″ ш. б. / 43.019054° с. е. 71.857369° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°01′09″ с. е. 71°51′27″ ш. б. / 43.019054° с. е. 71.857369° ш. б. (G) (O) (Я) | |
![]() ![]() |
Гидрологиялық сипаты
Ұзындығы арықтарын қоса есептегенде 120 (өз ұзындығы 39,6) км. Талас өзеніндегі бөгеттен басталатын бұл канал Базарбай-Төрекелді су жүйесіне кіреді. Канал 11 м³/с су өткізеді. Аумағы 6600 га-дан астам жерді суғаруға пайдаланылады. Каналдың бау-бақша мен егін шығымдылығын арттыруда маңызы зор.
Тарихи дерек
Канал 1864 жылы қазылған. Жергілікті халық Базарбай тоғаны деп атаған. Базарбай Байзақтың ағасы, Бәйтеректің тұңғыш ұлы. Ертеде Күнбасұлы Мәмбет бабадан 6 ұл болған. Оның бірі - Бәйтерек. Ол кісінің бір ұлынан бала болмаған екен. Ол Базарбай еді. Базарбай ағайындарын жинап, кеңес құрып: "Менде артта қалар ұрпақ болмады, мен өз атымды қалдыру үшін тоған қазамын" деген. Сосын ағайындары адам жинап, тоған қаздырған, ел аузында "Базарбай" деген ат қалған.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Жамбыл облысының топномикалық атауларының анықтамалығы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер